Жазасын өтеп жатқан 3 адам шартты түрде босатылды

Қоғам

15:12 13 Наурыз 2014

Наурыздың 13-і күні Бақыт Жылқыбаевтың есінде мәңгі қалары сөзсіз. Азамат мерзімінен бұрын жақсы тәртібіне байланысты абақтыдан босатылып отыр. Ол билікке қарсылық көрсеткені үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Осы берілген мерзімнің Бақыт Жылқыбаев 3 жыл 10 айын өтепті. Енді, ол қолына бостандыққа шығу туралы анықтама алып, үйіне оралмақ.

Бақыт Жылқыбаев:

– Осыдан босап шыққан соң үйге барамын. Әйелім, балаларым тосып отыр.

Бұл мекемеде есірткі саудагерлері, ұрлық, тонаушылық, қарақшылық шабуыл сияқты қылмыстар жасаған тұлғалар жазасын өтеп жатыр. Бұндағы адамдар 1,5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Бүгін Бақыт Жылқыбаевтан өзге тағы екі азамат мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

Төлеген Жақаев, ЕС 164/3 мекемесінің тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім басшысы:

-Біздің мекемеде бірінші рет бас бостандығынан айырылған сотталғандардың арасында шартты  түрде мерзімінен бұрын босату шарасы өткізіліп отыр. Бұл шараның басты мақсаты толыққанды азаматтар ретінде қоғамға оралуы. Босатылғандар біздің назарымыздан тыс қалмайды.

Бүгінгі күні ЕС 164/3 жалпы режимдегі мекемеде аяғын шалыс басқан 800-ден астам адам жазасын өтеп жатыр.

Бану Ахметова

Бұдан әрі оқыңыз

Солтүстікқазақстандық жастар пікірлерімен бөлісті
Өсімдіктерден жасалған шампунь мен сабын
Сәлімхан Сәбитовтің жобасы республикалық байқауда жүлдеге ие болды
Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналып экскурсия ұйымдастырылды
М.Жұмабаев ауданының тұрғындары шаштараз мамандығын меңгеруде
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтілді
Ардагерлер тәжірибелерімен бөлісті
Петропавлдықтар “Географиялық диктант – 2019” акциясына қатысты
Облыс орталығында жүзім фестивалі өтті
Мектеп оқушылары дебат турнирінде бақ сынасты
Шаһарда ішіктер жәрмеңкесі жалғасуда
Қала маңындағы қоқыс полигондарына қатысты мәселе шешілмек