Балалар

“Тіл – барлық білімнің кілті” байқауы

 

Бұл жолғы тіл байқауына қатысып жатқан үміткерлер өздерінің ой жүйріктігі мен тіл байлығын қазақ және орыс тілінде жеткізе алды.

Байқауда жас шектеуі бар. Яғни 14 жасқа толған және 22-ден аспаған жастар ғана мүмкіндіктерін сынай алады. Әсел Дастанбекова осы сынды сайысқа бұрындары қатысып көрмепті. Алайда, жүлдеден үмітті. Өйткені, қазақ ақын-жазушыларын, сонымен қатар орыстың Лермонтов, Толстой шығармаларын құмартып оқитыны бар.

 

Әсел Дастанбекова, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті:

-Мен бұл байқауға қатысар алдында М.Жұмабаев, І.Жансүгіров, С.Сефуллиннің шығармаларын оқыдым.Одан басқа Лермонтовты оқыдым. колледждегі кітапханаға бардым. Интернеттен қосымша мәліметтерді қарадым.

 

Байқауда үміткерлер лексика-грамматикалық тест сұрақтарына жауап береді. Кейін 3 еркін тақырыптың біреуін таңдап, эссе жазды, жұптасып өзара диалог құрды. Соңғы аталымда кез келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп оқыды. Осы тапсырмалар арқылы тіл мамандары үміткерлердің шығарма мазмұнын толық ашу мен ауызекі сөйлеу тілінің дамуын сынады.

 

Алтынай Сыздықова, Петропавл қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:

-Шараның мақсаты: дарынды жастарды анықтау және қолдау, мәдениетаралық қарым-қарымқатынаста олардың белсенді азаматтық ұстанымы мен ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған.

 

Байқауға қатысушылардың сауаттылығы мен сөйлеу мәдениетін филолог мамандар бағалайды. Қазылар алқасының үдесінен шыға білгендер диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Берік Қасен