Қоғам

Петропавлда домофон компаниялары тексеріліп жатыр

 

Бану Ахметова, тілші:

-Домофон орнатылған есіктен ішке тек пәтер иелері ғана кіре алады. Күзетші қызметін атқарып отырған құрылғының 1 айлық абоненттік төлем құны ағымдығы жылдың басынан бірден 50 теңгеге қымбаттады.

 

Негізі Петропавлда көппәтерлі үйлерге домофон қызметін 9 кәспорын көрсетеді. 2014 ші жылдың қаңтарынан бастап, олардың алтауы абоненттік төлемнің тарифін бірден 50 теңгеге көтеріп жіберген. Бұған дейін тұрғындар домофонды пайдаланғандары үшін айына 200 теңге төлеп келсе, енді бұл қызметке 250 теңге беруге міндетті болды. Қызмет ұсынушылар тарифті өзгертуге түрткі болған себепті тұтынушыларына айтпаған.

 

Арман Өтегенов, СҚО бойынша монополияға қарсы инспекция басшысы:

– 6 домофон компаниясына қатысты тергеу аштық. Бұл жерде қателік домофон компанияларының 2 әрекет  домофонды орнату және оларға қызмет көрсетуге біріңғай смета жасайды. Біз есептейміз: бұл сметаларды бөлек шығару керек.

 

Егер де домофон қызметін көрсететін компаниялар абоненттік төлемнің тарифін негізсіз өсірген болса, заң бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Және тарифті арзандатуға мәжбүр болады. Ал, 3 ай бойы 250 теңгеден төлеп келген тұрғындардың ақшасы қайтарылмайды.

 

Арман Өтегенов, СҚО бойынша монополияға қарсы инспекция басшысы:

– Заң бұзушылық болса, айыппұл ретінде барлық монополиялық табыс алынады. Және де 5 пайыз тағы алынады. 50 теңге тұрғындарға қайтарылмайды. Барлық айыппұл мемлекеттік бюджетке барады.

 

Домофон қызметін көрсетуші кәсіпкерлер соңғы рет тарифті осыдан 3 жыл бұрын өсірген. Ол кезде баға 50 теңгеге қымбаттап, 200 теңгеден белгіленіпті. Тұтынушылар тарифті негізсіз өсірді деп отыр.

 

– Бізге жаңылыспасам “Домофон-Элит” компаниясы қызмет көрсетеді. Олар биылғы жылдан бастап қызмет құнын 50 теңгеге көтерді. Не себептен бағаны өсіргендігі белгісіз.

 

– Бізде де домофонға төленетін абонент құны 200-ден 250 теңгеге көтерілді. Менің зейнетақым аз. Сондықтан біз сияқты зейнеткерлердің қалтасы қағылуда.

 

Өңірлік монополияға қарсы инспекция тексеріс нәтижесін 2 айдан соң мәлім етпек.

 

Бану Ахметова