Қоғам

Қоғамдық өмірде белсенді әйелдерге “Нұр Отанда” құрмет көрсетілді

 

Бүгінгі күні “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында 42 мыңнан астам адам мүшелікке кірген. Оның 63 пайызын нәзік жандар құрайды. Осы “Нұр Отан” партиясының белсенді бұрымдылары әріптестерінің ізгі-тілектерін қабылдады.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тіл және әдебиет институтының директоры Жанар Таласпаева да партияның саяси өмірі мен қоғамдық жұмыстарына белсенді араласып жүр.

Көктемде гүл болып ашылып, құлпырған бұрымдыларымыздың бірі басшы, енді бірі бизнесвумен. Дені бүгінде “Нұр Отан” партиясының құрамында. Қоғамдық-саяси өмірге етене араласып жүрген қыз-келіншектерді бүгін қалалық мәслихаттың депутаттары да құттықтады.

 

Александр Казанцев, қалалық мәслихаттың депутаты:

– Нәзік жандыларға қанша құрмет көрсетсек те аздық етпейді. Олар партиямен бірге еліміздің саяси өміріне белсене араласып жүр. Сондықтан көктемнің алғашқы мерекесінде апа-әпкелеріміз бен қарындастарымызды келе жатқан 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.

 

Саясатта жүрсе де нәзік жандыларымыз отбасын бір сәтте ұмытқан емес. Сондықтан әрбір мерекені қара шаңырақта қарсы алғанға не жетсін дейді олар.

 

Бану Ахметова