Қоғам

Әйелдерді көп дейді …

 

Дерек көздеріне сенсек, осыдан 157 жыл бұрын АҚШ-тағы әйелдер ер адамдарға қарағанда 6 сағат артық яғни, тәулігіне 16 сағат қараңғы әрі дымқыл тігін шеберханасы мен аяқ киім фабрикаларында жұмыс жасап, болмашы жалақы алған. Бұған шыдамаған олар 8 наурыздан бастап АҚШ-тың көптеген қаласында өздеріне дауыс беру құқығын талап етіп көтеріліске шықты. Дәл осы күні әйелдер қауымының кәсіподақ ұйымы құрылды. Араға 53 жыл салып Копенгаген қаласында Халықаралық социалист әйелдердің конференциясы өткен-ді. Нақ осы жиында Клара Цеткин 8 наурызды Халықаралық әйелдер күні мерекесі етіп жариялауды ұсынды  және де әлемдегі барлық әйелдерге өз құқықтары мен теңдіктері үшін күресуге шақыратын үндеу тастады. Осылайша әйелдер өндірісте ерлермен бірдей құқықтарға қол жеткізді. Әйел адам өмірге сәби әкеледі, өмірдің гүлі де, мәні де нәзік жандылар дейді ер азаматтар. Сондықтан, олардың әйел затына айтар алғыстары, тілектері шексіз.

 

 

– Барлығымызды ана жаратты, тәрбиеледі, жақсылыққа қарай тартты. Сондықтан әйел адамдардың барлығына тек қана жақсылық тілеймін. Олар енді балаларым жақсы оқысын, одан еліне елеулі қызметкер болсын, ел тыныш, аспанымыз ашық болсын дейді. Сол тілектері мен армандары орындалсын.

 

Алғаш рет халықаралық әйелдер мерекесі 1911 жылдың 19 наурыз күні Австрия, Дания, Германия және Швецария елдерінде аталып өтті. Одан кейін бұл жаңалық 1965 жылы Кеңес елдеріне жетті. Қыз баланы, ананы, отбасының ұйытқысы әйелді ежелден сыйлап, құрмет тұтатын қазақ елінде бұл мереке жыл сайын ерекше аталып өтіледі.

 

–  Әйел адамдар алтын, гүл, ыдыс-аяқ жағын жақсы көреді. Сондықтан олардың күнінде аталған заттарды сыйлаған ләзім.

 

СҚО статистика департаментінің мәліметі бойынша бүгін теріскейде тұрғындардың 52 пайызын нәзік жандылар құрап отыр. Басқаша айтсақ, 1000 әйелге 909 еркектен келеді екен. Бүгінде олардың 132 мыңы қалада, 169 мыңы ауылда тұрады. Өткен жылы 700-ден астам бойжеткен тұрмысқа шыққан. Солтүстік Қазақстанда білім беру, өнер, денсаулық сақтау мен әлеметтік саланың жартысын әйел адамдар басқарып отыр.

 

–  8 наурыз мерекесін отбасымен тойлау керек. Аналар мен әпке-қарындастарды құттықтап, есте қаларлық жақсы сыйлықтар сыйлау керек.

 

Берік Қасен