Kurultai banner mobile

Спорт

Сергей Харламов жеңіл атлетикадан халықаралық жарыста бірнеше жүлдені иемденді

 

Халықаралық турнирде Қазақстан намысын 32 спортшы қорғаған болатын. Соның ішінде жерлесіміз Сергей Харламов ұзындыққа секіру бойынша үздік үштікті қорытындылаған. Оның көрсеткіші 4 метр 73 см. 100 және 200 метрге жүгіру бойынша спортшы 2-ші орыннан көрінген. Спортшының жаттықтырушысы Елена Похомованың айтуынша, жыл сайын Сергей өз нәтижесін жақсартуда, жүлде саны да артып келеді екен.

 

Елена Пахомова, «Үміт» спорттық клубының жаттықтырушысы:

-Биылғы халықаралық жарыста ұлттық құрама сапында бір жерлесіміз Сергей Харламов болды. Ол қашықтыққа жүгіруде екі күміс медальға қол жеткізді, ал ұзындыққа секіруде спортшы 3-орынға ие болды. Осылайша Сергей халықаралық аренадағы көрсеткіштерін еселей түсті.

 

Бану Ахметова