Спорт

Солтүстікқазақстандық спортшы Назгүл Маратова екі рет ел чемпионы атанды

Алғашқы дзюдодан ел турнирі Тараз қаласында ақпанның 20-ы мен 24 аралығында ұйымдастырылды. Облыстық спортта дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының бапкері Нұрлан Ерғазиновтың тәрбиеленушісі Назгүл Маратова 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 1-ші орынды иемденген.

Бұдан бір апта бұрын Назгүл самбодан өткен ел чемпионатына да қатысқан болатын. Тартысты дода Ақтау қаласында ұйымдастырылған. Бұл жарыста спортшы қыз өңір намысын қолдан бермей, алтыннан алқа тағынған.

Назгүл Маратованың жасы 18-де. Ол спортқа ден қойғалы бері бірнеше рет ел чемпионы атанып үлгерді. Өткен жылы дзюдодан Азия чемпионатында қола алқаға қол жеткізген.

 

Бану Ахметова