Құқық қорғау органдары

3 күннің ішінде 91 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді

Рейд кезінде қалалық полиция бөлімдеріне 52 жасөспірім жеткізілді. Кәмелет жасына толмағандарға спирттік өнімдерді сатқандарға 6 әкімшілік хаттама толтырылса, соның ішінде біреуі темекі затына қатысты. Жағдайы төмен 17 отбасы мен 20 жасөспірім ішкі істер орындарына тіркеуге алынған. Ал оның ішінде кәмелет жасына толмаған екі баланы қорғауға алу туралы ұйғарым шығарылды. Акция жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Полицейлер білім беру мекемелерінде құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында 78 дәріс өткізді.

 

Бану Ахметова