Әр түрлі

“Қызылжар су” кәсіпорнының екі жұмысшысы кәріз жөндеу кезінде қаза тапты

 

Қаза тапқандар 58 және 62 жастағы техниктер. Қызмет үстінде жапа шеккен енді бір жұмысшы уланып қалды деген диагнозбен үшінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде адам өліміне не себеп болғандығын анықтау тұрғысында арнайы комиссия тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Евгений Журавлев, СҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:

– Алдын ала болжам бойынша метан қышқылымен уланып қалған. Қаза болғандардың мәйіттері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Нақты себебі оның қорытындысы бойынша шығарылады. Қазір оқиға орнында ТЖ мен ІІБ мамандары жұмыс істеп жатыр.

Жеңіс Ермұқанов