Қылмыс

Бұрынғы адвокат 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың наурыз айында азаматты қаржы полициясының өкілдері өз қорғалушысынан ірі мөлшерде пара алып жатқан жерінен құрықтаған болатын. Адвокат клиенті Серғалиевті 25 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара беруге итермелеген. Осылайша, ол істі болған қорғалушысын жазадан босатамын деп құрғақ уәде беріпті. Осылайша жылпос өзі тұзаққа түскенін сезбей қалды.

 

Бауыржан Баймурзин, СҚО қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

– ҚР Қылмыстық кодексінің 58 бабы 3-тармағы бойынша адвокат Асқар Жанабаев 10 жылға бас бостандығынан айрылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтесін. Өзіне тиесілі жеке мүліктің барлығы тәркіленсін.

 

Берік Қасен