ТЖ

Қар құрсауынан 20 адам құтқарылды

Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы билік өкілдері мен аудандық шұғыл әрекет ету бөлімінің мамандары бірлесіп жолды тазалап, 20 адамды құтқарған. Абырой болғанда, азаматтардың барлығы дін аман. Негізі ауа райының бұзылатындығы туралы тұрғындарға алдын ала СМС арқылы хабарландыру таратылған болатын. Мұндай ақпарат 516 мың 748 солтүстікқазақстандықтың ұялы телефонына келген екен.

 

Мағжан Ахмадина