ТЖ

Облыста өрт оқиғалары жиіледі

 

Тілсіз жау 13 ересек, 2 баланың өмірін қиды. Сараптама жұмыстары көрсеткендей, 10 өрт оқиғасының 5-еуінде тұрғындар пешті жылыту маусымына дұрыс әзірлемеген. Мәселен, Тимирязев ауданы орталығындағы жеке тұрғын үй иесі көмір жанып жатқан пешті қараусыз қалдырған. Салдарынан отын шоғы еденге түсіп, үйі тұруға жарамсыз болып қалды. Осыған ұқсас жағдай Қызылжар, Есіл, Тайынша, Ғ.Мүсірепов аудандарында орын алды. Басты себеп: ересектердің салғырттығы, балалардың отпен ойнауы және сымдардың қысқа тұйықталуы. Соның салдарынан бүгінде біраз тұрғындар қыстың қақаған сары аязында тентіреп, баспанасыз далада қалды. Сондықтан төтенше жағдайлар департаменті сабақ боларлық фактілерді алға тартып, өңір тұрғындарын қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Апат орын алған жағдайда «101» не «112» телефон нөміріне шұғыл түрде қоңырау шалу керек.

 

Берік Қасен