Қылмыс

Петропавлда пышақтап өлтірілген әйелдің денесі табылды

Төтенше жағдай кешкі сағат 16-30-да орын алған. Азаматша пышақ жарақаттарынан көз жұмыпты. Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Қазіргі уақытта сезікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

Бану Ахметова