Қылмыс

Кір жуғыш машинаға тығылған есірткі иісшіл ит көмегімен табылды

 

Күдік тудырған ұнтақ жеңіл автокөліктің жүксалғышына тиелген кір жуатын машинаның ішінен табылған. Жүргізуші клиент тапсырмасы бойынша тиелген жүкті Астана қаласынан Петропавл сапаржайына жеткізуі керек болатын. Қазір аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталып кетті. Бұл жағдай жыл басынан осымен 22-ші рет қайталанып отыр. Бүгінге дейін жалпы заңсыз айналымнан 12 келі шамасында есірткі тәркіленді.

 

Берік Қасен