Kurultai banner mobile

Спорт

Бокстан облыс чемпионаты аяқталды

 

Олардың тек жартысы ғана ақтық кезеңде 18 жүлделі орынды сарапқа салуға мүмкіндік алды. Жарыс  қорытындысы бойынша жеңіс тұғырына Петропавл, Ғ.Мүсірепов және Бескөл спорт мектептерінің тәрбиеленушілері көтерілді. 44 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңда  бескөлдік Наурызбай Кеулимжанов пен петропавлдық Даниэль Левченко өзара күш сынасты. Бұл кездесуде облыс чемпионы атағы Даниэль Левченкоға бұйырды. Дегенмен, жеңіліс тапқан Наурызбай алдағы уақытта шеберлігін шыңдап, есе қайтаратынына сенімді.

 

Берік Қасен