Билік

Облыс әкімі «Нептун» спорттық-сауықтыру кешенін аралады

Аквапарк соңғы технологияларды қолдана отырып салынған және барлық заманауи талаптарға толығымен сәйкес келеді. Мұнда бес бірдей бассейн бар. Тұрғындар құрылысына, көлеміне, тереңдігіне қарай қалағанын таңдай алады. Ал, су күндіз-түні кәдімгі ас тұзының химиялық реакцияға ұшырауы нәтижесінде алынған “аналит” деп аталатын затпен тазаланады. Айына сонда залалсыздандыру үшін 1 тонна тұз кетеді екен. Бұл тиімді әрі адам денсаулығы үшін еш зияны жоқ жүйені ойластырған – Алматы қаласының академигі Георгий Билетков. Кешеннің бас директоры Сергей Леонтьев Самат Ескендіровке спорттық залды да көрсетті. Мұнда 70-ке жуық жаттығу құрылғысы орнатылған. Спортты сүйген солтүстікқазақстандықтар мұнда да шынығып жатыр.

 

Данаш Хамзина