“Қалалық жас ақындар” байқауында кілең нәзік жандының арасында өнер көрсетіп жүрген жалғыз ұл бала – Жандос Зағыпар. Облыс орталығындағы медициналық колледжде білім алып жүрген студент үшін бұл алғашқы сын.
Студент оқудан бос уақытында кітапханадан ақын-жазушылардың шығармаларын алып, жыр-шумақтарын жаттап жүреді.
Жандос Зағыпар, медициналық колледждің 2 курс студенті:
-Ескертулер айтылып жатыр, әлі де шабыт керек керек сияқты, әлі де поэзияға еніп, біраз жұмыс істеу керек, ендігі байқауларда ескеріледі деп ойлаймын.
Сайысқа қатысушылардың енді бірі – Айзада Дүйсенова қалалық мектептердің бірінде музыка пәнінен сабақ береді. Оқытушы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен қазақ поэзиясын дамыту жолында талмай еңбек етіп жүр.
Айзада Дүйсенова, №7 орта мектебінің музыка пәні мұғалімі:
-3 номинациядан өтіп жатыр. Бірінші номинация Мұқағали ағамызға арнап шығарған өлең жолдарымыз. Екінші туған тілімізге байланысты, үшінші номинация Мұқағали ағамыздың сөзіне жазылған әндерін орындау. Бүгінгі сайысқа қатысушылар көп, бәріміз де жеңіске жетуге үміттіміз.
Жалпы бүгінгі жарысқа 20 мен 30 жас аралығындағы 11 сайыскер қазылар алқасының алдында өнер көрсетіп, ақындық шеберліктерін ортаға салуда. Байқаудың шарты бойынша әр қатысушыға Мұқағали Мақатаевтың шығармасын оқуға 3 минут көлемінде уақыт бөлінген, – дейді ұйымдастырушылар.
Алтынай Сыздықова, Петропавл қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:
-Байқау үш номинация бойынша өткізіледі: “Болашағым, сен тұрсаң, мен өлмеспін! М. Мақатаевқа арналған өлең, ана тіліміздің баға жетпес байлығын, сөз құдіретін, бабалардан қалған асыл мұралардың сарқылмас қазынасын тілге тиек ету. “Ал екінші бақытым – тілім менің” тіл тақырыбына арналған өлең. Ана тіліміздің баға жетпес байлығын, сөз құдіретін, бабалардан қалған асыл мұралардың сарқылмас қазынасын тілге тиек ету. “Күнделік жаз, жарқыным” Мұқағали Мақатаевтың күнделігінен сыр шерту, ақын бейнесі ақылы көркемсөз оқу шеберлігін таныту.
Қазылар алқасы әр сайыскердің тіл байлығы мен мәдениетіне, дауыс мәнеріне, сахнада өзін-өзі ұстауына баса назар аударатын болады. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марпатталады. Ал бас жүлде иегері – 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болмақ.
Бақыт Сәдуақасов