Құқық қорғау органдары

«Қауіпсіз қала»

 

Іс-шара басталғалы үш күн ішінде көлікті мас күйінде айдағаны үшін 29 адам құрықталды. Осыған қоса жедел алдын алу шарасы барысында құқық қорғау органдары ұсақ қылмыс пен әкімшілік заң бұзушылық фактілерін болдырмау мақсатында қоғамдық орындардағы тәртіпті қатаң бақылауға алды. Сондай-ақ қала ішінде тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдар тексерілді.

 

Сайран Сәркенов, Петропавл қаласының ІІБ ӘПБ басшысының орынбасары:

-Шара барысында 44 қала тұрғыны профилактикалық есепке тіркеуге алынды. Түрлі бап бойынша 278 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Тұрғылықты мекен-жайы мен төлқұжаты жоқ 280 адам жауапқа тартылды. Оның 217-сі ІІБ-дағы қабылдаушы-бөлімге жеткізілді.

 

Әкімшілік полиция өкілдері қаңғыбастарды түгендену шараларын өңіріміздегі 13 аудан аумағында да жүргізді. Нәтижесінде 1200-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аязда 520 тұрғын ащы суға сылқия тойып алған жерінен ұсталды. Қоғамдық орында 87 бұзақы ұсақ қылмыс жасаған. Олардың бәріне әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл әлі басы ғана. Жедел алдын алу шарасы үстіміздегі жылдың аяғына дейін жалғасын табады.

 

Берік Қасен