Қоғам

Оқушылар Ауған жерінде қаза тапқан жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

 

Ауған соғысының құрбандарына арналған ескерткіш басы әдеттегідей емес, ығы- жығы. Бүгін мұнда қалалық классикалық гимназия оқушалары келіп, жауынгерлер рухына тағзым етті. Зағипа Егізам ауған соғысы жайлы талай кітаптарды оқыпты, жауынгерлердің естеліктерін де көп тыңдаған. Оқушы айтулы датаға орай «Ауғанстан» атты өлең де жазған.

Ескерткішке гүл шоқтарын қою құрметі облыстық олимпиадада топ жарған білімді оқушыларға бұйырды. Ұстаздар мұндай шаралар болашақ ұрпақтың тарихты біліп, құрметтеуіне жол салады дейді.

 

Қызжібек Махаметова, қалалық классикалық гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

-Патриоттық сезімді оятады. Біз осындай айтулы даталарды ұмытпай, әрдайым қатысып отырамыз.

 

2 238 күнге созылған Ауғандағы қантөгіс 20-шы ғасырдағы ең ұзақ соғыс ретінде тарихта қалды. Оған 20 мыңнан аса қазақстандық қатысыпты.

 

Мағжан Ахмадина