Қоғам

“Ауғаныстан өртіне шарпылғандар”

 

Ауған жерінде 1979 жылдың 27 желтоқсанында басталған соғысқа 1,5 мыңнан астам солтүстікқазақстандық қатысты. 46 жерлесіміз майдан даласында мерт болды. Ал, соғысқа қатысқан көзі тірі ардагерлеріміздің жағдай да мәз емес. Бүгінде көпшілігінің денсаулығы сыр беріпті. Өскелең ұрпақ өткенді білуі керек. Осыны ескерген Ауған соғысының ардагелері Жалау Шәріпов пен Бақытжан Темірбаев майдан даласы туралы естеліктерін айтты. Ер-азамат отан алдындағы әскери міндетін өтеуге міндетті. Олар жастарға соғыстың келтірген зияны жайлы әңгімеледі.

Бүгінде облыстық мұрағатта Ауған жерінен табылған әр жылдардағы 37 материал жинақталыпты. Осы қолжазба, фотосуреттер, қаза тапқан жауынгерлердің тізімі, майдан даласында жүрген солдаттардың жазған хаттары сияқты құнды естеліктер жұртшылық назарына ұсынылды.

Бүгінде өңірде Ауған соғысына қатысқан 798 ардагер тұрып жатыр.

 

Бану Ахметова