Құқық қорғау органдары

Есірткі саудалаған жас әйел ұсталды

 

 

Бір ай бұрын өңір полицейлеріне 30 жастағы нәзік жандының героин саудалап жүргені туралы ақпарат түскен. Жедел іздестіру шараларының барысында, есірткі сатқан бұрымды мен оның тұтынушысы бірге құрықталды. Сезіктілерден 5 грамм героин тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілер тергеу изоляторында қамауда отыр.

 

Жанар Байғазина, СҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі :

– Жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған Петропавлдың тұрғыны ұсталды. Және одан сатып алып жүрген бірнеше азамат құрықталды.

 

Нәзік жанды бұған дейін осы сынды қылмысы үшін жауапқа тартылғаны белгілі. Фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 30 жасар қала тұрғыны героин сақтап, есірткі саудасымен айналысты деп айыпталуда. ҚР қылмыстық кодексінің 129-бабына сәйкес, сезікті 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, героинді сатып алған 26 жастағы азаматқа есірткі сақтау фактісі бойынша айып тағылып, оған аталған бапқа сәйкес 3-тен 7-жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Ер адамның нашақорлыққа салынғанына не бары 3 ай ғана. Алғаш рет есірткінің дәмін алуға сезіктінің жақын құрбысымен келіспей қалуы себеп болса керек.

 

Күдікті:

Бір қателік осыншама жаман фактілерге әкеліп соқтырды, енді міне мен бүгін осында отырмын, есіртінің дәмін татып көргеніме өте өкінемін.

 

Солтүстікқазақстандық полицейлер жыл басынан есірткіге қатысты 13 қылмыстың бетін ашып отыр. Нәтижесінде заңсыз айналымдағы 9 келі нашаның көзі жойылды.

 

Бану Ахметова