Құқық қорғау органдары

Жарнаманы белгіленген орынға ғана орналастыруға болады

 

 

Қала көшелерінде ретсіз орналасқан мынадай ұсқынсыз көріністерге петропавлдықтардың әлдеқашан көзі үйреніп кеткен. Жеке тұлғалар еш ойланбастан жарнамаларын көше бағаналарына және ғимараттардың қасбетіне жөн-жосықсыз жапсыра беруді әдетке айналдырып алған.

 

Жомарт Абылаев,Петропавл қаласының ІІБ әкімшілік полиция бөлімшесі басшысының орынбасары:

-Қала тұрғындары арнайы белгіленген жерге жарнамаларын ілмей, оларды қала көшелеріндегі рұқсат етілмеген әр жерге ілуде. Мұндай жауапсыздық жағдайлар анықталған жағдайда олардың үстінен әкімшілік іс қозғалады.

 

Өз бизнестерін ілгерілету үшін кейбір азаматтар аялдама павильондарында ілініп тұрған арнайы логотиптерді алып тастап, өз жарнамаларын заңсыз орналастырған.

 

Гүлия Салтықова, Петропавл қалалық ішкі саясат бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы:

– Біз тұрғындарға рұқсат етілмеген жерлерде жарнама орналастыруға тиым саламыз. Ол үшін арнайы белгіленген жерлер бар екенін есіңізге саламыз.

 

Сыртқы жарнаманы заңсыз орнату қала инфрақұрылымына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан, қалалық ішкі саясат бөлімі тұрғындарға өз пайдасынан көрі ұлттық мүддені жоғары бағалау қажет дейді.

 

Берік Қасен