Қоғам

«Асыл ана» туралы жинақ жарық көрді

 

 

Биыл “Асыл ана” қоғамдық ұйымының құрылғанына 17 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде ұйым асырауында балалары бар мүгедек аналарды еңбекпен қамтып, құқығын қорғап келді. 200 данамен басылған кітапшаға мүгедек аналардың естеліктері енген. Және газет беттерінде жарияланған мақалалар да басылыпты. Жалпы, бүгінде “Асыл ана” қоғамдық ұйымына облысымыздағы 70-тен астам мүгедек ана мүшелік етеді.

 

Бану Ахметова