Спорт

Ел құрамасын қолдауға арналған шаңғышылар жарысы

 

 

№16 мектеп оқушылары еліміздің спортшыларына қолдау көрсету мақсатында шаңғыдан жарыс өткізді. Өйткені дәл бүгінгі күні 4 жылда бір рет келетін ақ олимпиада ойындары жалауын көтермек.

Спортшыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған шаңғы жарысына білім ошағының 34 оқушысы қатысты. Осылайша мектеп мұғалімдері мен оқушылары барша қазақстандық спортшыларға сәттілік тіледі. Отандастарымыз Сочиде өтетін байрақты додада алтыннан алқа тағынып, көк туымызды желбіретсе дейді.

 

Александра Пономарева, № 16 орталау мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:

-Әлемнің майталмандары жиналған сында жеңіске жету біздің спортшыларға оңайға түспесі анық. Отандастарымыздың қадамдары сәтті болса екен. Біз олардың жеңіске жететініне сенеміз.

 

Акцияға қатысқан оқушылар да ұлттық құрама сапындағы спортшылардың еліміздің атын әлемге шығаратындықтарына сеніммен қарайды.

 

– Сочиде басталған олимпиада ойындарында спортшыларға сәттілік тілеймін, жеңіспен оралатынына үміттіміз.

– Ел спортшылары көп алтын әкеледі, оған тілектеспін.

– Ел құрамасының спортшылары жеңіс тұғырынан көрінсін, бәріне сәттілік.

 

Бақыт Сәдуақасов