Kurultai banner mobile

Мәдениет

Жас суретшілер байқауы

 

Шығармашылық конкурс «20 игі іс» шарасы аясында ұйымдастырылып отыр. Партия өкілдері соңғы бір ай көлемінде қалалық білім ошақтарында сурет байқауын өткізген болатын. Бүгін соның нәтижесі ретінде 7-13 жас аралығындағы ең белсенді, дарынды деген балалар қатысып отыр.

Даукен Темірбаев, «Қазақстан коммунистік халық партиясының» СҚО бойынша бірінші хатшысы:
-Қазақстан жастары өте талантты. Ол таланттарды анықтап, өздерін көрсету үшін жағдай жасау керек. Бүгінгі шара қоғам мен мемлекет үшін үлгі болады деген ойдамын.

Балаларға жүктелген міндет – жарты сағат ішінде «Менің Отаным – Менің Қазақстаным» деген тақырыпта сурет салу. Байқауда жеңімпаз атану үшін жас суретшілер барын салуда.

Маша Пильзак, №10 орта мектеп оқушысы:
-Мен өзімнің Қазақстанымды бейнеледім. Оның тауларын, көлдерін, өзендерін қағаз бетіне түсірдім. Біздің Қазақстан өте әдемі.  

Балалардың шығармашылық еркіндігіне шек қойылмады. Олар өз туындыларында еліміздің әсем табиғаты мен көрнекті жерлерін бейнеледі.

– Мен бүгін Бәйтеректі саламын. Өйткені ол өте үлкен және әдемі.
– Тауларды, күнді,киіз үйлерді, бәрін-бәрін саламын.

Үздіктерді таңдау – қиынның қиыны дейді ұйымдастырушылар. Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлермен қатар қатысушылардың барлығы сыйлықтарға ие болды.