Құқық қорғау органдары

Облыс полицейлері 2013 жылды қорытындылады

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 1-ші орынбасары, полиция генерал-майоры Марат Демеуов полицейлердің алдында тұрған міндеттерді сөз етті. Министрліктің қылмыстарды ашу бағытында қойған талаптарын жеке құрамға жеткізді.

 

Марат Демеуов, ҚР Ішкі Істер министрінің бірінші орынбасары:

-Елбасы халыққа жолдауында Қазақстан әлемдік аренада өзіндік орнын алуы тиіс деп айтып кеткен болатын. Осы орайда құқық қорғау органдарына жүктелген міндет ерекше. Біз азаматтардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасауымыз керек.

 

Кеңеске қатысқан облыс әкімі Самат Скендіров өңір полицейлеріне облыс аумағындағы тұрақтылықты одан әрі күшейтіп, тұрғындардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауды міндеттеді. Ал облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Ақан Қажкенов өткен жылы тәртіпті қадағалау бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

 

Ақан Қажкенов, СҚО ІІД бастығы:

-Былтыр ауыр қылмыстардың саны 6 пайызға, ал аса ауыр қылмыстар 28 пайызға кеміді. Қарақшылық шабуылдардың саны бірден 40 тан 21-ге, адам өлтіру 47-ден 42-ге, бопсалау 63-тен 61 пайызға азайып отыр.

 

2013 жылы барлығы 9 мыңнан астам қылмыс тіркелген.

 

Бақыт Сәдуақасов