Құқық қорғау органдары

“БОМЖ” шарасы

 

Қақаған 40 градус аязда кейде үйде отырып тоңасың, бұл азаматтардың күндіз-түні далада жүретінін көргенде бойыңды қорқыныш билейтіні рас. Олардың не себептен мұндай күйге түскені беймәлім. Біреу – тағдырдың тәлкегіне ұшыраса, енді біреуі шырылдауық шегірткенің күйін кешіп жүр. Бұларды тәртіп сақшылары іздеп жүріп тауып алады да, қабылдап-бөлу мекемесінде тіркеуге алады екен. Қаңғыбастардың мекені : жертөлелелер, бос тұрған ғимараттар мен жылу трассалары.

Полиция қызметкерлері тек бір күннің өзінде мекен-жайы жоқ 92 азаматы бөлімшеге жеткізген. Екеуінің жеке басын куәландыратын құжаты мүлдем жоқ. Ақырында, олар 40 тәулікке қамалды.

Бөлімшеде оларды дәрігерлер қарап, фото-видео тіркеуден өтеді. Одан кейін қылмыскерлер мен жоғалып кеткендер базасынан тексеріледі. Өткен жылы Петропавл қаласы бойынша қаңғыбастарға қатысты 111 қылмыстың беті ашылған. Оның 6-уы – жоғалып кеткендер, 7-уі – қылмыскерлер болып шықты. Тұрақты мекенжайы жоқ азаматтарды анықтау шарасы ақпанның 1-не дейін  жалғасады.

 

Бақыт Сәдуақасов