Спорт

Елена Мазуренко Сочи Олимпиадасына барады

Финляндия және Германия елдеріндегі Әлем Кубогының екі кезеңінде жеңіске жеткен солтүстікқазақстандық шаңғышы Сочиде алтынға таласатын болады. Елена Мазуренконың әзірге қандай қашытықты жүріп өтетіндігі белгісіз. Шаңғышы тірек-қимыл қозғалысында ақауы бар спортшылармен бірге жарысқа түспек. Естеріңізге сала кетейік, жақында паралимпиада лицензиясына тағы бір жерлесіміз шаңғышы – Қайрат Қанафин ие болды.

 

Бақыт Сәдуақасов