ТЖ

Ауаның температурасы 40 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде

 

 

Осыған орай, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары сақтық шараларын қолға алуды ескертеді. Аязды күндері балаларды сыртқа жібермей, науқастар мен қарттарды ерекше қамқорлыққа алып, олардың жылы баспаналарда отыруларын қамтамасыз еткен дұрыс. Бастысы аяз қаһарына мініп тұрғанда, елді мекеннің сыртына шықпау керек. Бұл күндері көлікпен алыс жолға барудан да бас тартқан жөн. Ал төтенше жағдай орын ала қалса, 112 нөміріне хабарласу қажет. Диспетчерлік қызмет тәулік бойы жұмыс істейді.

 

Мағжан Ахмадина