Қоғам

Сержанттар жиыны

Үздік сержант атанғандардың қатарынан  Назкен Елеукин де көрінді. Сержант антқа адал, сертке берік екенін қызмет барысында дәлелдеген. Ішкі Істер органдарында жұмыс жасауды бала кезінен армандапты. Міне мақсатына да жетті. Тіпті әскери жиында тәжірибесі мен біліктілігін көрсетіп, қызметтегі жетістіктері үшін грамотаға ие болды.

Байқауға еліміздің әскери бөлімдерінен 28 сержант қатысты. Әскери институтта бригада, полк және батальон сержанттары 1 ай көлемінде арнайы оқудан өткен. Ал қызметте көзге түскендер үздік деген атаққа лайық деп табылды. Солардың қатарында Петропавлдық Жарқынбек Үсеинов пен Сұлтанмахмұт Нұржанов та бар.

 

Атабек Салихбаев, ҚР ІІМ ІӘ ӘИ тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы:

-Бүгін Петропавл әскери институтында “Сержант күні” атап өтілуде. Кеш барысында үздік әскерилер марапатталатын болады. Мұндай шаралар сержанттардың өзара бір-бірімен тәжірибе алмасуларына септеседі.

 

Ішкі әскерлер қызметкерлері Сержанттар күнін өткізуді дәстүрге айналдырамыз деп отыр.

 

Бақыт Сәдуақасов