Білім

Әскери қызмет жастар үшін тартымды

 

Тамерлан Елеукин кішкентай кезінен әскери форма киіп, отан қорғауды армандаған. Сондықтан бүгін шекара қызметі жайлы ақпаратты ерекше патриоттық сезіммен тыңдауда. Оны әсіресе, қазіргі күні әскерилерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайлар қызықтырып отыр.

 

Тамерлан Елеукин, «Дарын» мектеп- лицейінің 11 сынып оқушысы:

-Отан қорғау әрбір азаматтың борышы. Сондықтан мен бұрыннан бері әскери қызметкер болуды армандағанмын. Бүгіндері әскерилерді баспанамен қамту, тегін ем алуларына көп көңіл бөлінген. Жалақы мөлшері де жақсы. Жаңа көрсетілген фильмнен академия жайлы ақпарат білдім.Енді алдағы уақытта бар білімім мен күш жігерімді оқуға жұмсаймын. Физикалық дайындығымды шыңдаймын.

 

Жалпы шекарашылар жыл сайын оқушыларды бұл қызметке тарту үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Биылдың өзінде шекара қорғаймын деп ниет танытқан 80 оқушының құжаттары қазір тиісті тексерістерден өтуде.

 

Айдар Оралқанов, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2032 әскери бөлімінің аға офицері:

-Осы мамандықты таңдағандарға қойылатын басты талап, ол  – отанды қорғауға ізгі ниетпен келу керек.Өйткені әскери болу оңай емес, сондықтан соған төзе білу керек. Екіншіден ЕНТ балы 50-ден кем болмауы керек және 4-тік деген бағадан төмен болмауы шарт. Физикалық дайындығы да жақсы болғаны жөн.

 

Оқушыларға Қазақстан мен Ресейдің әскери жоғарғы оқу орындары жайлы толық ақпарат берілді.

 

Мағжан Ахмадина