Спорт

Айыртау ауданында “Солтүстік” қысқы спартакиадасы аяқталды

 

Сайыс қорытындысы бойынша имантаулық команда шаңғы жарысынан бірінші орынды еншілесе, алаң иелері хоккей мен шорт-тректен көш бастады. Президенттік көпсайыста жұлдызы жанғандар володарлық спортшылар. Жалпыкомандалық есеп бойынша жеңіс тұғырына Казанка селолық округі көтерілсе, володарлық ойыншылар екінші орынды місе тұтты. Үштікті қорытындылаған Украин селолық округінің командасы. Жеңімпаздар грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Самат Есмағи