Құқық қорғау органдары

Заңсыз ойын бизнесін жүргізген кәсіпкер әшкереленді

 

Мына екі ойын автоматы облыс орталығындағы сауда орындарынан тәркіленген. Қос жағдайда да бағдарламалық кешендер терминалдар мен банкоматтардың арасына қойылыпты. Сондықтан бұл құрылғыларды құмар ойындарға әуестерден басқасының көзі шалуы екі талай. Дегенмен, оңай олжаға кенелемін дегеннің талайы бос қалтамен кеткен.

Электрондық кешендердің әрбірі тәулігіне иесіне 100 мың теңгеден артық пайда әкелуі мүмкін.

 

Ербол Байзақов, СҚО ІІД ҰҚҚКБ аға жедел уәкілі:

– Облыс бойынша ойын бизнесіне тұсау салу үшін кешенді шаралар жүргізіледі. Өткен жылы осыған қатысты 10 факті тіркелді. Барлығының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

 

Тәртіп сақшылары ойын аппараттары бір жеке кәсіпкердің меншігі екендігін анықтаған. Енді арам ісі әшкереленген тапқыр мың АЕК мөлшеріне дейін айып төлеуге мәжбүрленеді. Немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Жеңіс Ермұқанов