Білім

Оқушылар ақындармен кездесті

Шара барысында оқушылар ақындармен кездесіп, тіл мәселесін талқыға салды. Көкейінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Мұнда жерлес ақындардың шақырылуы тегін емес, өйткені мектепте 2 жылдан бері балаларды ақындыққа баулып, дарынды жастарды анықтауды көздеген “Жас қаламгер” клубы жұмыс істейді. 9 сынып оқушылары қонақтарды ден қойып тыңдады. Өйткені жастар – ел болашағы. Жалпы оқу ордасында осы сынды шаралар жиі өткізіліп тұрады.

 

Роза Даниярова,Қазақ мектеп гимназиясының қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі:

-Осы конференцияда біз Елбасының жолдауын да талқылап өттік. Әсіресе үштұғырлық мәселесі қарастырылады.

 

Мағжан Ахмадина