Қоғам

Қазақстан халқы Ассамблеясында Елбасы Жолдауы талқыланды

 

 

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Жерімізде көптеген ұлт пен ұлыс тату- тәтті бірлікте тұрмыс кешуде. Сондықтан болар Елбасы өзінің жолдауында кең байтақ елімізді болашаққа жетелер басты тетік – патриотизм мен бірлікте деп атап өткен болатын. Тәуелсіздік арқасында халқымыз мәңгілік мұраттарға қол жеткізеді, сол себепті барлығымыз патриотизм идеясын дамытуымыз қажет дейді «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығының төрағасы  Сағындық Салмұрзин.

 

Сағындық Салмұрзин,«Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығының төрағасы:

-Этно-мәдени бірлестіктер мен орталықтар, әрбір ұлт өкілдері ішкі ойы бір арнаға тоғысуы қажет. Алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Соны бірлесіп атқаруымыз қажет.

 

Елбасының халыққа арнаған дәстүрлі жолдауында еліміздің 22 жылда жүріп өткен жолы сараланды. Құжатта Президент әлеуметтік салаға деген қолдаудың ерекше болатынын айтты. Мақсатқа жету жолын көрсетті.

 

Гүлбақша Мұсабаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті:

-Жолдау 50 пайыз экономика, 50 пайызға әлеуметтік саланы қамтыған. Ауқымды іс-шаралар көзделген.

Ел тарихындағы бұл осымен 18-ші жолдау. Солтүстікқазақстандықтар жолдаудан үлкен үміт күтеді. Сондай-ақ Елбасы айқындаған басымдықтарды жүзеге асыруға бір кісідей атсалысамыз деп отыр.

 

Мағжан Ахмадина