ТЖ

Трактор аударылып, ойға түсіп кетті

 

Ол облыс орталығындағы кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейді екен. Жұмысшы кентінде кешқұрым келе жатып, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалады. Содан К-700 тракторы тіркемесімен бірге жолдан шығып кеткен. Техника аударылып түсіп, төмен қарай құлаған. 4 метр құлдилаған алып машина ақыры тоқтап, оң жағына жатып қалған. Көзді-ашып жұмғанша болған оқиғаға не сенерін, сенбесін білмей есеңгіреп қалған жүргізушіні облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқарған. 7 адам алып техникамен бір сағат бойы алысып, тракторшыны кабина ішінен әрең дегенде алып шығыпты.

 

Болатжан Асқарбеков, Петропавл қаласының МБ 2-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары:

-Трактор тағы да аударылмас үшін автокран пайдаландық. Өйтпеген жағдайда, жүргізушінің өміріне қауіп төнер еді. К-700-ді кранмен көтеріп алып, апаттық-құтқару құрылғысын қолдандық. Сөйтіп, азаматты аман-есен құрсаудан босаттық. Жедел жәрдем қызметі жапа жегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

 

Данаш Хамзина