Қоғам

Еңбек ардагері Сайлау Өтеев өмірден өтті

Кезінде агроном, бас агроном, совхоз директоры болып қызмет етіп, айтарлықтай тәжірибе жинақтаған Сайлау Өтеев 1994 жылы “Колос” АҚ президенті қызметіне тағайындалады. Кейін СҚО өсімдіктерді карантиндеу бойынша шекаралық мемлекеттік инспекциясын басқарады. 1999 жылдан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Петропавл аумақтық басқармасына жетекшілік етіп жүріп, 2007 жылы құрметті демалысқа шығады. Сайлау Өтеев “Құрмет белгісі” ордені, “Еңбектегі ерлігі үшін”, “Тыңайған жерлерді игергені үшін” сияқты мемлекеттік марапаттардың иегері, Елбасыдан Алғыс хат алған азамат. Ол кісі еңбекқор, жарқын мінезді адам болған деседі. Сол үшін замандастарының арасында сыйлы, үлкенге қамқор, кішіге үлгі бола білген абзал азамат. Сайлау Өтеевпен қоштасу жиыны қаңтардың 15-сі Бескөл ауылында сағат таңғы 10 шамасында өтеді.