ТЖ

Жыл басынан бері облыста 30-дан астам өрт тіркелді

Оның кереуеті пеш салынған қабырғаның іргесінде болса керек. Түнде ең алдымен төсек-орын бықсып жана бастағанда зейнеткерге иіс тиген. Ер адам үйінде өзі жалғыз тұрған екен. Пешін туыстары келіп жағып отырыпты. Келесі қайғылы оқиға М.Жұмабаев ауданындағы Новый Быт селосында орын алды. Мұнда үймен бірге 28 жастағы жігіт те жанып кеткен. Жалғыз өзі тұрған үй иесі еш жерде жұмыс істемепті. Қазір төтенше жағдайдың мән-жайы анықталуда. Тағы бір оқиға М.Жұмабаев ауданындағы Писаревка селосында тіркелді. Бұл жолы үш бала құтқарылып қалды. Бірақ, оларды күйік шалып, иіс тиген. Үшеуі де ауруханада жатыр.

Облыс аумағында тіркелген өрттің бірнешеуі пешті дұрыс пайдаланбаудың салдары. Мәселен, Ғ.Мүсірепов ауданындағы Новоишимка селосының тұрғыны пешті жазда ағаш еденнің үстіне салған. Қаңтардың басына дейін шыдаған еден ақыры өртке оранды. Тілсіз жауды ауыздықтауға қожайынның жалғыз өзінің шамасы жетпепті. Ал, Тимирязев ауданындағы Ынтымақ ауылында сымның қысқа тұйықталуының салдарынан ауладағы сарай мен 35 тонна жем-шөптің түгі де қалған жоқ. Жалпы, 2014 жылдың басынан облыста 31 өрт тіркеліп, салдарынан 1,5 млн. теңгенің шығыны келген.

 

Данаш Хамзина