Спорт

Солтүстікқазақстандық конькиші Дмитрий Бабенко Азия чемпионатында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді

Айта кету керек, жарыс болатын күні ауа райы да онша болмаған. Қар жауып, қатты жел тұрған және мұз қалашығы теңіз жағалауына жақын орналасқандықтан, сырғанау жолының сапасы да көңіл көншітпесе керек. Алайда, табиғаттың тосын мінезі жат елде жеңіске ұмтылған біздің жерлесіміз үшін кедергі бола алмады.

Естеріңізге сала кетсек, Сочидегі бас жүлдеге дәмелі Дмитрий 4 жыл бұрын Ванкувердегі олимпиада ойындарында 5 мың метрлік жолдың мәре сызығын 16-шы болып кескен.

 

Берік Қасен