Құқық қорғау органдары

Петропавлда есірткі тасымалдаған екі әйел ұсталды

Айыпты азаматтардан тәркіленген 9,99 грамм ұнтақ 20 шақты адамды есірткіге тәуелді етуге жететін көрінеді. Ұсталғандардың екеуі де наркологиялық диспансерде тіркеуде тұр. Олардың бірі тіпті есірткіні сатқаны үшін сотталып, жазасын өтеп шығыпты. Жыл басынан бері есірткіге қатысты 6 қылмыстық іс тіркелсе, 5 жағдайда сезіктілер есірткі заттарын сатқаны үшін ұсталған. Жалпы саудагерлерден 6 кг көлеміндегі түрлі есірткі тәркіленсе, оның ішінде 12,1 грамын героин құрайды.

 

Кабира Мұхамбетова, СҚО ІІД ЕБҚКБ инспекторы:

-2014 жылдың өткен аптасында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында есірткі құралдарын сатқаны үшін Петропавл қаласының жиырма тоғыз және он тоғыз жасар тұрғындары ұсталды. Ұстау кезінде олардан салмағы тоғыз бүтін тоқсан тоғыз грамм, жиырма тоғыз полимер орамадағы есірткі құралы героин, сондай – ақ ақша табылып, алынды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі жүз елу тоғызыншы бабы үшінші бөлімі “в” тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Бақыт Сәдуақасов