Аптадағы маңызды жаңалықтар

Бизнеске не кедергі

 

2013 жылы «Атамекен» өнеркәсіп палатасының көмегіне 100-ден астам өңір кәсіпкері жүгінген. Негізінен мамандар кеңесін алуға шағын бизнес өкілдері келеді екен.

 

Иван Шакуров, «Атамекен» өнеркәсіп палатасының директоры:

– Бизнес өкілдері өз мәселелері жөнінде бізге неғұрлым ертерек келсе, соғұрлым біз тез әрекет етуге тырысамыз. Ол үшін кәсіпкерлер өтініш жазып, бізге алып келсе болғаны. Біз оны қарастырып, жағдайды бір жақты етуге тырысамыз. Ең бастысы уақтылы хабарласу керек.

 

Өткен жылы бизнес өкілдері несиелендіру жүйесі, жер, салық мәселелерін арқалап «Атамекен» палатасына келген. Бір қуантарлығы проблемалардың 98 пайызы кәсіпкерлердің пайдасына шешілген.

 

Елена Виссарова, «Атамекен» өнеркәсіп  палатасының төрайымы:

– Өткен жылы атқарған жұмыстар легін биыл да жалғастыруды көздеп отырмыз. Кәсіпкерлерге айтарымыз, біздің қолдауымызға әрқашан арқа сүйеуге болады.

 

Биыл жыл басынан бері палатадағылар 3 кәсіпкердің мәселесін қарастырып үлгерген.

 

Мағжан Ахмадина