ТЖ

Абай болыңыздар! Жолдарда көктайғақ!

“Ниссан-Патрол” автокөлігінің жүргізушісі дәл осы себеппен рөлге ие бола алмай қалған. Абырой болғанда, көлік тізгінінде отырған азаматтар аман. Құтқарушылардың көмегімен машиналар қайтадан жолға қойылды. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері сапарға шығардың алдында ауа райын біліп, міндетті түрде телефоныңызды бірге алу қажеттігін ескертеді. Көмек керек болған жағдайда “112” нөміріне хабарласаңыз.

 

Данаш Хамзина