Спорт

Марафоншы Әскер Қожановтың рекорды

Дода 2-ші қаңтар күні Астана қаласында өткен болатын. «Өзін- өзі жеңу» марафон жарысында өңір намысын жалғыз Әскер Қожанов қорғаған болатын. Жамбыл ауданынан шыққан желаяқ 132 шақырым 400 метр қашықтықты тоқтаусыз 12 сағатта жүгіріп өткен. Бұл спортшының алғашқы жеңісі емес. Осыған дейін ол 4 жыл қатарынан аталмыш марафонда алдына жан салмай келеді. Жерлес спортшы жүгірумен 2000 жылдан бері айналысады. 13 жылдың ішінде Әскер Қожанов 75 марафонға қатысып үлгерген.

 

Мағжан Ахмадина