Қаржы саласы тұрақты дамуда

Аптадағы маңызды жаңалықтар

15:21 8 Қаңтар 2014

Жылан жылы өңіріміздің қаржы саласына қолайлы болыпты. Ауыз толтырып айтарлық табыстар бар. Мәселен, өткен жылы макроэкономикалық көрсеткіштер 13 пайызға артса, екінші деңгейлі банктердің тұтынушыларға үлестірген несиесі 100 миллиард теңгені құраған. Ал депозитке салынған қаржы көлемі 60 миллиард теңгеден асыпты. Бұл халықтың банктерге деген сенімінің өскенін білдіреді дейді қаржыгерлер.

Өткен жылы инфляция деңгейі 4,8 пайызды құраған. Бұл тәуелсіздік алғаннан бергі ең төменгі көрсеткіш. Одан теңгенің тұрақтанғанын аңғаруға болады. Десе де проблемалар да жоқ емес. Ол алынған несиенің уақтылы қайтарылмауында .

Қалай дегенмен, қаржылық саладағы табыстар биыл еселей түседі деп болжап отыр банкирлер. Оған отандық валюта қорындағы ахуал кепіл болмақ.

Ел экономикасының тұрақтылығы ұлттық валютамен тығыз байланысты. Төл теңгеміздің тұғыры биіктей бергей.

Самат Есмағи