Мәдениет

Жаңажылдық ертеңгілік

Жаңа жылдық таңертеңгілікке шақырту алған бүлдіршіндерге жылқы туралы қойылым көрсетілді. Сахналық көріністе әке-шешесін тыңдамаған құлын далада ойнап жүріп, адасып, боранда басқа әлемге тап болады. Онда жылан мен аяз ата және қар қызын кездестіреді.  Қойылымның соңында әке-шешесіне құлақ аспаған жануар өз қателігін түсініп, бүлдіршіндерге үлкендерді тыңдау керектігін айтады. Бұл тәрбиелік мәні бар қойылым таңертеңгілікке келген бүлдіршіндерге ерекше ұнады. Балалар уақыттарын көңілді өтікізіп, ұйымдастырушылар дайындаған қойылымнан алған әсерлерімен бөлісті.

 

– Аяз ата мен ақшақар маған ұнады. Олар өте көңілді болды.

-Жаңа жылдық мереке көңілімнен шықты. Онда аяз ата келіп, бәрімізге сыйлық береді.

– Маған мерекелік қойылым ұнады. Біз ертегі кейіпкерлерімен бірге биледік.

 

Жаңа жылдық таңертеңгілікке екі мен жеті жас аралығындағы 200-ден астам бүлдіршін келді. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мұндай шараларды жиі өткізіп отырады екен.

 

Виктор Сайко, СҚО орыс қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

– Біз бұған дейін көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың өтінішімен жаңа жылдық таңертеңгіліктер ұйымдастырдық. Оларға аз да болса қуаныш сыйладық. Барлығыңызды келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын. Отбасылық мереке халқымызға қуаныш пен бақыт сыйласын.

 

Таңертеңгілікке қатысқан балалардың барлығы аяз атадан тәтті сыйлықтар алды.

 

Бану Ахметова