Қайырымдылық

Петропавл қаласы әкімінің шыршасы

Сән-салтанатқа толы жылдың бас мерекесінің кішкентай қонақтары алдымен облыс орталығының үздік өнер ұжымдары ұсынған театрландырылған бағдарламаны тамашалады.

 

Надежда Окунева, қалалық мәдениет үйінің жанындағы халық драма театрының режиссері:

-Мына жасыл шыршаның жанында жалғасып жатқан шараны халық драма театры ұйымдастырды. Балалар барлығын тамаша қабылдап жатыр. Қазір біз оларға есте қаларлық көңіл-күй сыйлау үшін түрлі ойындарға тартамыз және билетеміз.

 

Қала әкімдігі ұйымдастырған шырша кішкентай Мөлдір Габралиеваның көңілінен шығыпты. Ол балалық шағымда осындай ұмытылмас қызықты сәттер мол болса екен дейді.

 

Мөлдір Габралиева:

-Жаңа жылда барлығына тек қана молшылық, бақыт, ашық аспан тілеймін. Ауырмаңыздар. Мен осы мерекеге анаммен келдім. Жаңа жыл өте көңілді болды.

 

Мерекенің кішкентай қонақтарын жаңа жылмен Петропавл қаласы әкімінің атынан орынбасары Елена Балло құттықтады. Балғындар кештен мол әсер алды.

 

-Маған қойылым қатты ұнады. Онда ақшақар мен аю жақсы ойнады. Олар Аяз атаға сиқырлы таяқшасын табуға көмектесті. Оны қасқыр тығып қойыпты.

-Жаңа жылда әр шаңыраққа бақыт тілеймін. Жыл бойы ойлаған армандарыңыз орындалып, әр бастамаларыңызға тек қана сәттілік алып келсін. Маған бүгінгі «Жаңажылдық детектив» қойылымы ұнады .

 

Бұл шырша үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде тіркеуде тұрған 95 бала үшін ұйымдастырылыпты. Аталған шараға 1 жарым мен 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі балғындар мен жасөспірімдердің тек 50-уі ғана қатыса алды. Олардың барлығына тәтті базарлық тарту етілді.

 

Берік Қасен