Құқық қорғау органдары

Жылдамдықты ұнататын жүргізушілер үшін бақылау күшейді

 

Облыс орталығында автокөліктердің жылдамдығын анықтайтын аппарат алғаш рет 2011 жылы орнатылған болатын. Биыл бұл құрылғылар қаланың қауіпті болып саналатын 3 аумағында іске қосылып отыр. Жылдамдықты анықтайтын ақпараттық-кешен Ш.Уалиханов, Мир және Сатпаев көшелерінде орнатылды. Бұларды орнатуға ел қазынасынан 48 млн теңге жұмсалған.

 

Сайлау Мусин, СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары:

– Жылдамдықты анықтайтын”Авто-Интеллект” 3 бағдарламалық-ақпараттық кешеннің бұрынғыларынан өзгешелігі автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін де анықтауға септеседі. Осы құрылғылардың көмегімен әкімшілік айппұлдардан жалтарып жүрген көлік иелерін тоқтатып, темір тұлпарлардың ұрланған- ұрланбағандығын анықтай аламыз.

 

Облыс орталығында жыл басынан жылдамдықты анықтайтын аппараттардың көмегімен жол жүру ережесін бұзған 2274 адам тіркеліпті. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында орнатылған құрылғының тиімділігін темір тұлпардың тізгініндегілер де айтуда. Олар да жолда болатын апаттардың азаятынына сенімді.

 

-Өз басым жылдамдықты бұзған емеспін. Дегенмен жол ережелерін елемейтіндер үшін бұл аппараттың полицейлерге көмегі зор деп ойлаймын.

 

Осымен қазіргі күні облыс орталығында автокөліктердің жылдамдығын анықтайтын аппараттардың саны 6-ға жеттіп отыр. Келесі жылы тағы 72 млн теңгенің 4 құрылғысы орнатылады деп жоспарлануда.

 

Бану Ахметова