Әр түрлі

Жаңа жылдың алғашқы күні жылы болады

 

31 желтоқсанда Петропавлда ауа райы жылы болады дейді өңір синоптиктері. Түнде сынап бағанасы 10-18, күндіз 5-10 градус нөлден төмен болады. Кей жерлерде 13 градус аязды көрсетеді. Қаңтардың алғашқы күні де өңір тұрғындарын шуағымен қуантпақ.

 

Гүлзат Ғазизова, “Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалының метеорологиялық болжау бөлімінің басшысы:

-Болжам бойынша 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін облыс бойынша кей жерлерде аздаған қар, тұман. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14. кей жерлерде 15-20 м-с.

 

Жерлестеріміз жаңа жылдан жаңа табыстар күтеді. Табалдырықтан аттайтын жылқы жылының алғашқы күндері жайма-шуақ мінезімен қуантады деген сенімде.

 

– Жылы болады.

– Жылы болады деп ойлаймын.

 

Тарихқа үңілсек, ең аязды жаңа жыл осыдан тура 34 жыл бұрын 31 желтоқсаннан қаңтардың біріне қараған күні тіркеліпті. Онда сынап бағанасы -42 градусты көрсеткен. Ал, биылғы жылы Жаңа жыл мерекесінде ауа райы былтырғыға ұқсас болатынын айтуда синоптиткер.

 

Бану Ахметова