Мәдениет

Мұражайдағы жаңажылдық ертеңгілік

 

Жаңа жылдық шыршаның сценарийі бойынша жыл иесі жылқыны көруге келген 9-10 жастағы оқушылар құбыжық, жабайы аң-құс кезіп жүретін қорқынышты орманға тап болады. Қиын жағдайдан шығудың амалын іздеп, алдарынан орман иесі мен оның көмекшісі қоянды кездестіреді. Дүниетану сабағынан алған білімдерін қолдану арқылы орман иелері жасырған біраз жұмбақтарына жауап береді. Осылайша, олар ақшақарға кезігеді.

 

Саида Шаяхина, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экскурсия жетекшісі:

-Мұражайда жаңа жылды қарсы алу оқушылар үшін дәстүрге айналды. Осы жылғы шарамыз “Ә, бәлем, Жаңа жыл” деп аталады. Жалпы іс-шара 2 тілде өтіп жатыр. Бізге күніне 8 топтан келеді. Яғни әрбір кластан шамамен 25 оқушыдан бар.

 

Кейін кішкентай батырлар қамыс пен бұтақтардың арасында тығылып жатқан жыртқыш қасқырға кезігеді. Көкжал балалар мен ақшақарға маған мақтау сөздер айтсаңдар ғана жіберемін деп шарт қояды. Айласын асырған жүгірмектер одан да сүрінбей өтеді. Ақырында болашақты болжайтын көріпкелге кезігіп, одан жаңа жылқы жылында өздерін не күтіп тұрғаны жайында біледі.

Ақырында дегеніне жетіп, басты қаһарман Аяз атаға жолығады. Сиқыршы оқушылардың бастан кешкен қорқынышты оқиғаларын ұмыттыруға тырысып, балаларға неше түрлі эстафеталық ойындар өткізеді. Дүниетанымын кеңейтіп, қасиетті қазақтың қолға үйретілген жануары кербез жылқы туралы біраз мәліметтер берді. Осылайша, Аяз ата балаларды жылқы жылы сөйлеп, сиқырлы әлемге әкелді.

Оқушылар аяз атаға арнап жаттаған тақпақтарын мүдірместен айтып тұрғанына ең алдымен ата-аналар мен мұғалім таң қалды. Сәнді жаңа жылдық киімдер киіп тұрған балғындар әдетте дайындық кезінде айтар сөздерін ұмытып қалады екен.

 

Марина Ваганова:

-Мұражай ұжымының балаларға өткізген мерекесі менің көңілімнен шықты. Осындай мазмұнға толы танымдық шаралар қаламыздың өзге де мекемелерінде өткізіліп тұрса игі.

 

Бастысы шара соңында балалар Аяз атадан тәтті толған тарту-таралғы алып, естелік суретке түсті.

 

– Маған Аяз ата өте қатты ұнады. Ол өзі мейірімді, көңілді екен. Ол бізді түрлі конкурстар өткізіп шаттыққа бөледі.

– Бұл мерекеде мен күлкілі қасқыр мен қоянды көріп екі езуіме күлкі үйрілді. Мындағы Аяз ата мен Ақшақар да өзге әріптестеріне қарағанда өзгеше екен. Олар бізді ойнатып, сыйлықтар берді.

Соңында балалар Аяз атаға жақсы оқып, тәртіпті боламыз деп әуде берді.

 

Берік Қасен