Құқық қорғау органдары

Полиция Жандос Ахметовтың өліміне күдікті адамның фотороботын таратты

СҚО ІІБ хабарлауынша, Юбилейный көшесінде кісі өлтірді деген күдікпен түрі европалық ер адам іздестірілуде, оның жасы 25-30 шамасында, бойы 175 сантиметрдей, дене бітімі арықша, аяқтары денесінен ұзынырақ, қысқа мұртты. Қылмыс жасалған күні қара көк түсті, маңдайында жазуы бар сопақша эмблемалы тоқыма бас киім киген, үстінде ұзындығы орташа, қара түсті, қалталары бар, жеңі қайырмасыз түбітті кеудеше киген.
Полиция осындай белгілері бар күдікті адамдар туралы ақпаратты мына телефондар бойынша хабарлауды өтінеді: 8(7152) 39-40-07, 39-40-37, 39-48-07, 61-20-02 немесе 102.